«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ  БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ »  
 «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Біз әулемметік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№22 Приречное орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында іс- шаралар өткізілді.

09.12.2020

№22 Приречное орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбында іс- шаралар өткізілді. Жоспар бойынша бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше жанұядағы жақсы қарым-қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді. Сондықтан да бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында отбасында балаларды зорлық зомбылықсыз махаббатта тәрбиелеу, зорлық зомбылықты алдын алу болғандықтан, ата – аналарға да арнайы онлайн түрінде бейнеролик көрсетіліп талқылау кері байланыс алынды.Бастауыш сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды, 5-7 сынып оқушылар арасында сурет салу іс- шаралар өткізілді. Жоғарғы сынып оқушылар «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» онлайн бейнероликпен танысып өз ойларымен бөлісті. Барлық іс-шараларды өткізуге тәрбие жөніндегі орынбасарлар, психолог, сынып жетекшілер  ата-аналар бірлесе отырып атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты.

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст