Қазан айынын 20 күнінен бастап қараша айынын 2 дейін а.Приречное №22 орта мектебінде Алтын күз іс шарасы онлайн форматта өтуде.
Іс шараның мақсаты:
Оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету;
Күз – молшылық мезгілі. Сол арқылы балаларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру.
өткізілу тәртібі:
Ұйымдастырушылар қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Байқауға жалпы бастауыш сынып және 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Алтын күзге арналған іс шаралар
1-4 сыныптар:
«Үздік сурет» ( қатысушы күз мезгіліне байланысты туындысына атын жөнің, сыныбын көрсетеді, суретке түсіріп ұсынады)
«Үздік қолөнер» Көрме (қатысушы жеміс-жидектерден жасаған қолөнерін суретке түсіріп жібереді және мектпете көрмеге қойылады)
5-10 сыныптар:
«Үздік шығарма немесе эссе» ( қатысушы «Күз – береке бастауы» тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады)
«Үздік өлең» ( қатысушы «Күз – береке бастауы» тақырыбында өз өлеңін жолдайды, видео)
«Үздік күзгі сән үлгісі»
«Үздік тағам» (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы,құрамы,пайдасы туралы айту)