Қазақстан Республикасының Рәміздер күнінің 25 жыл толуына арналған ашық шара.
Көк тудың желбірегені!
Мақсаты:
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке,
Отаннына,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимннін
қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Қазақстан
Республикасының рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы оқушылардың бойында
патриоттық сезімдегі өлеңдерді,тақпақтарды ұлттық нақышпен көркем тілде айта
білуге, рәміздерге зор құрмет шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға
дағдыландыру.
Көрнекілігі: Қазақстан
Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының конституциясы, слайд,
тақырып бойынша презентация.
Көк тудың
желбірегені!
Қазақстан Республикасының Гиміні орындалады.
1 жүргізуші:Қош келдіңіздер құрметті бүгінгі ашық
шараның қонақтары.
2 жүргізуші:Армысыздар қонақтар,
ұстаздар мен оқушылар.