2017-2018 оқу жылының 14 қыркүйектен 14 қазан аралығындағы №22 ОМ 1-11 сынып аралығында өткен «Cуицидтің алдын алу»
тақырыбындағы суицидке байланысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы.
Жоспарлы түрде 1-11 сынып аралығында өткізілген іс-шаралар арнайы жоспар
құрылып жүргізіліп жатыр. Сынып жетекшілер осы тақырыпты басшылықты ала отырып,
тәрбие сағаттары өткізілді.
Әр сынып
жетекшісі ата-аналар жиналысын өткізді. Ата-аналар жиналысында қоғамда
болып жатқан суицид жайлы түсінік берді.
8-11 сынып аралығында «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбында
іс-шарамыз әңгімелесу, пікірлесу сағаты ретінде іске асырылды.
Мектеп тәрбие ісі меңгерушісі
Қызыр Айдос қазіргі кезде қоғамда белең алып жатқан, әлеуметтік желіде болып
жатқан ойындар жайлы түсінік берді.
Жасөспірімдердің
өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы,
қиындықтарға төзбеуі себеп болады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес,
нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім келеді. Дүниенің ақпараттануы,
адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлі компьютерлік ойындар, көбінесе
жастардың арасында суицидтің көбеюіне ықпал етіп отыр. Өзіне өзі қол жұмсайтын
жастардың көбеюі — еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Пікірлесу бөлімінде берілген сұраққа
оқушылардың 55% жан күйзелісінің көрінісі десе, 45% ы ауырудың бір түрі деп өз дәлелдерін мысал
келтіре отырып тұжырымдады.
Мектеп дәрігері Кулмаева М.Р мектеп
оқушыларына салауатты өмір салтын насихаттайтын
түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Мектеп психологы Мешітбаева Г.Қ, соц педагог Бахыт Гулнур оқушылардың
әлеуметтік желілерін ВК, инстаграм тексеріп, кейбір оқушыларға (15 оқушыға) кеңес әңгіме жүргізілді. Сынып
жетекшілеріне жұмыс жүргізуге ескерту
берілді.
15 қыркүйек мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жалпы
қарастырылған мәселе «Суицид және оның алдын алу жайлы түсінік берілді. Мектеп психологы Мешітбева Г.К
«Суицид және оның алдын алу»тақырыбында доклад оқыды. Доклад бойынша слайд көрсетіліп, видеоролик көрсетілді.