Биылғы жылы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталғанын хабарлаймыз. Акция «Бар мейірім - балаға» атты ұранмен бастау алды. Акцияның өткізілу мақсаты - Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік қорғалуға мұқтаж отбасылардан, атап айтсақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, мемлекеттік атаулы әлеуметік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар санаттарынан шыққан оқушыларға мектеп формасы,спорт киім, оқу-құрал жабдықтарымен қамту мақсатында көмек көрсету.
Барша жаны жайсаң жомарт азаматтарды акцияға атсалысуға шақырамыз. Акция тамыз айының 1 нен басталып қыркүйек айының 30на дейін жалғасады.