8-12 қыркүйек аралығында "Приречное ауылың ЖОББМ" КММ Халықаралық Отбасы күніне арналған бірқатар іс-шаралар онлайн форматта өтті. «Үйде болу бақыты» флэш-мобтары ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары "Дені сау отбасы – ел болашағы" атты суреттер байқауына белсенді қатысты. «Отбасылық құндылықтар» челленджін (эстафетасын) ұйымдастыру және өткізу#Отбасы құндылықтары #семейные ценности хэштегімен өз отбасыңызда басты ережелер мен құндылықтар туралы посттар жарияланды. іс- шараның басты мақсаты отбасының өзекті мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайту болып табылады, өйткені отбасы мерекесі - бұл өзара түсіністік пен өзара көмек, махаббат, ересектер мен балалар арасындағы достық, туған жүректерді қосу мейрамы. Негізгі акценттер баланың отбасы мүшелерімен бірге рухани қатысу сезімін дамытуға, отбасы мүшелері арасында өзара құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған.