Текст
Құрметті сайт пайдаланушылары! "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы Ақжар ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіз. Бүгінде мемлекет қазақстандықтардың болашақ ұрпағы сапалы және лайықты білім алуы үшін бар күшін салуда. Біз ересектер үшін басты міндет — балаға деген сүйіспеншілік, сенім мен құрмет атмосферасын сақтау және нығайту. Тек осылай ғана өз елінің дамуына лайықты үлес қоса алатын, жоғары адамгершілік заңдарымен өмір сүретін еркін, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуге болады. Баршаңызды Білім және тәрбие саласындағы ынтымақтастық пен диалогқа шақырамын.